ФЕСТ халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФЕСТ халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы анықталды

ФЕСТ халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы анықталды

Белградта 42-інші ФЕСТ халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы жария етілді.

  • 11 Наурыз 2014
  • 185
Фото - Caravan.kz

Бас жүлдеге түбі ирандық, норвегиялық режиссер Ирам Хак түсірген «Я ваша» фильмі лайық деп табылды. 

Жеңімпазға құрмет дипломымен қатар 2 мың еуро қоса тапсырылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Шығармаға Норвегияға көшіп барған пәкістандық жалғызбасты әйелдің басынан кешкендері  арқау болған.

«Бұл фильмді бір жағынан өмірбаяндық десе де болады. Туындыға эмигранттардың екінші толқыны, екі түрлі мәдениеттің тепе-теңдігін сақтай білген жас, жалғызбасты әйел өмірінің  қыр-сыры арқау болған», — дейді Иран Хак.

 Байқауға алты фильм қатысты. Олардың ішінде Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Израиль және Македония елдерінің туындылары бар. Фестиваль аясында 10 күннің ішінде 75 шығарма көрсетіліп, 95 мың билет сатылды.