Филиппинде жолаушылар кемесі суға кетіп, 33 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Филиппинде жолаушылар кемесі суға кетіп, 33 адам қаза тапты

Филиппинде жолаушылар кемесі суға кетіп, 33 адам қаза тапты

Бортында 173-ке жуық адам болған жолаушылар салы Лейте провинциясының жағалауында апатқа ұшырады.

  • 2 Шiлде 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz

Филиппин жағалау күзеті қызметінің өкілдері хабарлағандай, қазіргі уақытқа дейін 33 адамның қайтыс болғаны расталды, қалған жолаушыларды іздестіру жалғастырылуда.

Апатқа себеп болған қолайыз ауа райы болуы мүмкін дейді құтқарушылар. Қатты толқын салдарынан кеме аударылып кеткен болуы ықтимал, деп хабарлады ТАСС.

Филиппинде теңізде апат жиі орын алады. Олардың ең ірісі 1987 жылғы желтоқсанда жолаушылар кемесі мен мұнай құятын танкердің соқтығысуы салдарынан 4 мыңға жуық адам ажал құшқан болатын.