Жарияланды: 400

Филиппиндегі дауыл салдарынан бес адам қайтыс болып, 26 адам із-түзсіз жоғалды

Филиппин елінде "Сарика" дауылы салдарынан кемінде бес адам құрбан болып, 26 адам із-түзсіз жоғалды, леп бүгін ЭФЭ агенттігі мәлімдеді. Жергілікті билік атап өткендей, табиғи апаттан елдің 74 провинциясының 13-і зардап шекті. Дауыл болатыны туралы ескертуге қарамастан, теңізге шыққан 26 балықшы із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Қазіргі кезде "Сарика" дауылы Қытайға қарай беттеген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін