Финляндия Астанада өз елшілігін ашпақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Финляндия Астанада өз елшілігін ашпақ ниетте

Финляндия Астанада өз елшілігін ашпақ ниетте

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Финляндия Астанада өз елшілігін ашпақ ниетте. Бұл туралы бүгін ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Финляндия сыртқы істер министрі Александр Стубб Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерден кейін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Шiлде 2008
  • 550
Фото - Caravan.kz

«Мен Астанада тұрақты өкілдік- елшілік ашу мүмкіндіктерін қарастырудамын. Бұған екі себеп бар. Біріншісі — Қазақстан Орталық Азиядағы стратегиялық маңызы бар мемлекет. Ал екінші себеп — экономикалық себеп», -деді А. Стубб.

Атап айтсақ, А. Стуббтың мәлімдеуінше, «финляндиялық компаниялар ақпараттық технологиялар, энергетика және қызмет көрсету салаларында Қазақстанда қызмет жүргізуден мүдделі».

«Мен Орталық Азия аймағындағы бес мемлекетті аралап шықтым. Астанада елшілік ашудың маңызын сонда түсіндім», -деді Финляндия СІМ.

А. Стубб бұған қоса өз елінің басшылығы атынан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа келесі жылы ресми сапармен Финляндияға келуге шақырған шақыруын табыс еткенін хабарлады. «Бұл сапар болады деп сенемін», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті