ҚР Финляндия елшілігі хабарлағандай, делегация құрамында Парламент депутаттары Саара Карху және Лассе Мяннистё, Финляндияның Жоғарғы әкімшілік сотының президенті Пекка Халлберг және бизнес өкілдері болады.
Олар Астанада Қазақстанның саяси басшыларымен және іскер орта мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездеседі.
«Кездесу барысында Қазақстан мен Финляндия арасындағы қарым-қатынас, парламентаралық серіктестік мәселелері талқыланбақ. Сапар барысында Парламент спикері Ээро Хейнялуома семинарды ашады», — делінген хабарламада.