Финляндияның ұлттық радиосынан Құран сүрелері оқылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Финляндияның ұлттық радиосынан Құран сүрелері оқылмақ

Финляндияның ұлттық радиосынан Құран сүрелері оқылмақ

Финляндияның Yle атты ұлттық радиосы жұмыс жоспарына жаңа бағдарлама енгізді. Енді финдіктер ұлттық радиоларынан қасиетті Құран Кәрімді тыңдайтын болады.

  • 1 Наурыз 2015
  • 258
Фото - Caravan.kz

Жарты сағатқа созылатын бағдарлама жалпы саны 60 бөлімге бөлінген. 7 наурыз күні бастау алатын жоба «финдіктердің мұсылмандық мәдениеті деңгейін көтеруге» арналады, делінген ҚМДБ ресми сайтында.

Финляндияның мұсылмандар жамағатының басшысы Анас Хаджар мен Құранды фин тіліне аударған профессор Яакко Хамин-Анттила бағдарламаның екінші бөлімінде қасиетті Құран аяттарынның мағынасын түсіндіретін болады.

Ресми деректер бойынша, бұл елде 60 000 мұсылман жамағаты тұрады.