Фирманы тіркеу барысында кәсіпкердің өзінің болуы жалған кәсіпкерлікпен күреске көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фирманы тіркеу барысында кәсіпкердің өзінің болуы жалған кәсіпкерлікпен күреске көмектеседі

Фирманы тіркеу барысында кәсіпкердің өзінің болуы жалған кәсіпкерлікпен күреске көмектеседі

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әділет министрі Зағипа Балиеваның пайымдауынша, фирманы тіркеу барысында кәсіпкердің өзінің болуы елімізде бір күндік фирмаларды құрудың алдын алуға мүмкіндік береді. Ол мұндай пікірін бүгін парламенттегі "үкімет сағатында" мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 29 Қазан 2007
  • 608
Фото - Caravan.kz

«Жалған кәсіпкерлікпен іс жүзінде күресу үшін біз сіздерден «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң жобасында кәсіпкердің немесе заңды тұлғаны ашуды ресми рәсімдеп жүрген адамның тіркеу барысында міндетті түрде өзінің келуін, құжаттарды өзі ұсына отырып, әділет министрлігі қызметкерінің қатысуымен формулярды өзінің толтыруын қарастыратын норма енгізуді сұрағымыз келеді»,- деп мәлім етті З. Балиева.

«Мүмкін сонда ғана бізде жалған кәсіпкерлікпен тиімді күресуге қол жеткізе алатын шығармыз»,- деп санайды ол.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күде әділет органдарының қызметкерлері заңды тұлғаны тіркеу барысында «оның қандай фирма екендігін, қандай мақсатпен ұйымдастырылып жатқандығын білмейді де».

«Бүгінде әділет органдары жалған кәсіпкерлікке қарсы әрекет ету тетіктері жоқ, олар құжаттар, өтініш, нотариуспен бекітілген сенім хаты болған жағдайда кез-келген фирманы ашуға міндетті. Менің пайымдауымша, олардың арасында бір күндік фирмалар өте көп»,- деп атап өтті З. Балиева.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті