«Ресей мен Франция Президенттері Владимир Путин мен Франсуа Олланд сенбі күні Мәскеуде кездесу өткізеді», — делінген хабарламада. Франция Президенті Қазақстаннан Парижге шыққан жолда транзитпен Мәскеуде болады.
Кеше Астанада Олланд Франция, Ресей, Германия мен Украина басшылары бірлесіп, осы мемлекеттердің қарым-қатынасындағы шиеленіскен жағдайды бәсеңдету бойынша процесті бастау керектігін мәлімдеді.
«Қазіргі шиеленіс пен қысым мәселенің шешімі бола алмайды, — деді Қазақстан астанасында өткен баспасөз конференциясында Франция Президенті, — және біз Путин, Порошенко және Меркель ханыммен бұл шиеленісті бәсеңдетуге қатысты процесті бастауымыз керек».