Соңғы төрт жылда атақты тізімде көш бастап тұрған мексикалық магнат Карлос Слимнің қаражаты 2013 жылы $1 млрд-тан $72-ге құлдилаған.
Билл Гейтс байлығының бағалануы өткен жылы $9 млрд-тан $76 млрд-қа дейін өскен.
"Қола" жүлде 77 жастағы Inditex компаниясының акционері (Zara бренді) Амансио Ортега, оның байлығы $7 млрд-тан $64 млрд-қа артқан.
Ал төртінші орын былтырғыдай Уоррен Баффетке бұйырды — $58,2 млрд.
Ал ең үлкен нәтижеге қол жеткізген — Марк Цукерберг. Facebookтің қожайынының байлығы $13,3 млрд-тан $28,5 млрд-қа жеткен. (21-орын).
Ал ең бай ресейліктердің тізімінде көш бастап тұрған Алишер Усмановтың қаржысы $18,6 млрд-тан 40-орынға тірелді. (былтыр $17,6 млрдымен 34-орында болған).
Ал одан сәл жоғарырақ Лен Блаватник ($18,7 млрдымен 39-орында), бірақ Ресеймен жақын қарым-қатынаста болғанымен, ол АҚШ азаматы.
Л.Блаватник сияқты Кеңес Одағында туған тағы бір тұлға — Сергей Брин ( Google) $31,8 млрд, 19-орында, алайда ол АҚШ-қа ата-анасымен алты жасында кетіп қалған болатын.
Бұрынғы Кеңестер одағы дәуірінен Forbesтың бірінші жүздігінде Михаил Фридман (47-орын,
$17,6 млрд), Виктор Вексельберг (51-орын, $17,2 млрд), Владимир Лисин (53-орын, $16,6 млрд),
Леонид Михельсон (57-орын, $15,6 млрд), Геннадий Тимченко (61-орын, $15,3 млрд), Вагит Алекперов (76-орын, $13,6 млрд), Владимир Потанин (86-орын, $12,6 млрд), Ринат Ахметов (88-орын, $12,5 млрд), Андрей Мельниченко (97-орын, $11,4 млрд) и Герман Хан (100-орында, $11,3 млрд).
Ал екінші 100-дікте — Михаил Прохоров ($10,9 млрд),
Алексей Мордашов ($10,5 млрд), Сергей Галицкий ($10,3 млрд), Роман Абрамович ($9,1 млрд), Владимир Евтушенков ($9 млрд), Дмитрий Рыболовлев ($8,8 млрд), Алексей Кузьмичев ($8,8 млрд), Андрей Скоч ($8,2 млрд), Сулейман Керимов ($6,9 млрд). $6,5 млрд-қа Forbes баға бергендер — Олег Дерипаска мен Леонид Федун.
Жалпы Forbes әлемде ең дәулетті 1645 миллиардерлерді жинаған екен. Олардың ішінде жаңа келгендер 268 — тіптен көп! Олардың барлық қаржысын қосқанда — $6,4 трлн шығып тұр, бұл былтырға қарағанда $1 трлн-ға көп.
Сонымен, байлығы $1 млрд-тан асқан бақыттылар АҚШ-та (492), содан кейін Қытай (152) және Ресей (111).
Ал бұл атақты тізімде тұңғыш пайда болғандардың бірі африкандық кәсіпкер — Алико Данготе (Нигерия, $25 млрд, 23-орында). Алико тіпті рынок алпауыты Джордж Сорос (25-орында) пен Карл Иканды (24-орын) шаң қаптырып кетті, — деп жазады Форбс журналы.











