«Формула-1» жарысының кезеңі Әзірбайжанда өткізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Формула-1» жарысының кезеңі Әзірбайжанда өткізілмек

«Формула-1» жарысының кезеңі Әзірбайжанда өткізілмек

«Формула-1» машиналары санатындағы автожарыстары бойынша әлем чемпионатының басшысы Берни Экклстоун аталған доданың бір кезеңін Әзірбайжанның астанасы Бакуде өткізу үшін тиісті келісімшартқа қол қойды, деп жазады Утро.ру.

  • 6 Наурыз 2014
  • 212
Фото - Caravan.kz


Бұл жарыс 2015 жылы немесе 2016 жылы өтеді. «Әзірбайжанда жарыс 2015 жылы өткізілетіні айтылуда. Мүмкін бұл уақыт ертерек болар деп ойлаймын. Алайда, дода кезеңінің 2016 жылы өткізілуінің мүмкіндігі жоғары», — дейді Экклстоун.

Бүгінде «Формула-1» чемпионатының күнтізбесі 19 кезеңнен тұрады, бірақ та алдағы уақытта оның кезеңдерін жылына 22 -ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, осы жарыстың жеке Гран-приін өткізуге үміткерлердің арасында Әзірбайжаннан бөлек, Таиланд, Оңтүстік Африка Республикасы, Грекия, Аргентина және Мексика елдері бар.