Франция: Ле-Бурже әуежайында ерекше көрме жұмысын бастады
|
Бүгін Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында ерекше көрме жұмысын бастады. Оған екі мыңға жуық компаниялардың ұшақтары қойылған.
Ресейлік әуе техникасының саудасы қызып тұрған сыңайлы. Олардың “Супер джет 100” және “Амфибия Бе-200” ұшақтарына «құда түскісі» келетіндер қазірдің өзінде табылып жатыр. Дегенмен биылғы көрменің ең басты жаңалығы – Еуропаның аэроғарыш корпорациясы ұсынып отырған жылдамдығы аса жоғары зымыран-ұшақ. Онымен Парижден Токиоға екі жарым сағатта ұшып баруға болады. Бұған дейінгі ұшақтар 10 шақырым биіктікке көтерілсе, бұл әуе кемесімен 32 шақырым биіктікке дейін көтерілуге болады. Яғни дыбыстан төрт есе жылдам. Дегенмен 50-100 жолаушыны тасымалдай алатын мұндай ұшақтарды қолданысқа енгізу үшін біраз жыл уақыт керек. Қазір Жапония аталмыш іспен мықтап айналысуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін