Франция премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылды

Франция премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылды

Астана. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Франция премьер-министрі Франсуа Фийонның

  • 8 Ақпан 2008
  • 407
Фото - Caravan.kz

Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылды, деп хабарладйы агенттік тілшісі.

Атап айтсақ, Франция мен Қазақстан үкімет басшылары Кәрім Мәсімов пен Франсуа Фийон екі ел үкіметтері арасындағы стратегиялық әріптестік бойынша ниет декларациясына қол қойды.

Сондай-ақ, жүктердің халықаралық автокөлік тасымалы жөніндегі келісімге, құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге, сондай-ақ, туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниет декларациясына қол қойылды.

Тараптар бұған қоса коммерциялық келісімді қабылдады. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ мен ЕАДС, Обер & Дюваль және Арзор компаниялары арасындағы өзара түсініктік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның потенциалдық құны шамамен $1 млрд құрайды.

Франция Қазақстанның шетелдік сауда әріптестерінің арасынан Ресей, Италия, Швейцария мен Қытайдан кейін бесінші орынды иемденеді. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, 2007 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-саттық көлемі $4,68 млрд жетті. Қазақстан негізінен мұнай, металл түрлері, металл өнімдері, химиялық өнімдер мен ауылшаруашылығы тауарларын экспорттайды. Ал Франциядан электр қуаты, электрондық және механикалық жабдықтарды, тұтыным тауарлары мен дәрі-дәрмек импорттайды.

Инвестициялар көлемімен Франция Нидерланды, АҚШ пен Ұлыбританиядан кейінгі төртінші орында. Өткен жылғы қазан айындағы жағдаймен Қазақстан экономикасына жұмсалған француз инвестициясының жалпы көлемі $3,7 млрд құраса, Франция экономикасына Қазақстанның жұмсаған инвестициясы $260 млн асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті