Франция Қазақстаның жетекші сауда серіктестерінің алдыңғы бестігіне кірді - Ә. Исекешев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция Қазақстаның жетекші сауда серіктестерінің алдыңғы бестігіне кірді - Ә. Исекешев

Франция Қазақстаның жетекші сауда серіктестерінің алдыңғы бестігіне кірді - Ә. Исекешев

Франция бүгінде Қазақстанның стратегиялық әріптестерінің алдыңғы қатарына еніп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің кезекті, 6-шы отырысында ҚР Премьер-Министрінің  орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

  • 13 Ақпан 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz

«2013 жылдың қорытындылары бойынша Франция Қазақстаның жетекші сауда серіктестерінің алдыңғы бестігіне кірді. Тауар айналымы 6 млрд. АҚШ долларынан асты. Ал Қазақстанға салынған инвестиция жөнінен Франция 4-орында тұр. 2005 жылдан бері осы елдің біздің мемлекетке салған тікелей инвестициялары 10 млрд. доллардан асты», — деп атап өтті ол.

Вице-премьердің айтуынша, бүгінде елімізде 150-ге жуық француз компаниялары қызмет етеді.

«Бұл жерде айта кету керек, бұрын мұндай ірі компаниялар тек мұнай-газ саласында әріптестік қарым-қатынаста болса, соңғы 5 жылда Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасы бойынша Францияның индустриялық компаниялары елімізде табысты қызмет ете бастады», — деді Ә. Исекешев.

Оның айтуынша, мәселен, «Данон», «Викап», «Пежо», «Альстом» және басқа да көптеген компаниялар өздерінің өндірістерін елімізде ашып, өнімдерін шығаруда.