"Бұл дұрыс шешім, ол банкке Әблязов мырза банктің директорлар кеңесін басқарған кезде заңсыз иемденген АҚШ-тың миллиард долларына тең активтерін қайтаруға көмек бермек”, делінген жұмада банктен таралған хабарламада.
Банктің француз заң кеңесшісі Антонин Леви атап өткендей, француз сотының Әблязов мырзаға қарсы жүйелі шешімдері оны экстрадициялау туралы талаптардың заңдылығын көрсетіп отыр.
Қазақстан оған жалпы алғанда 6 млрд долларға тең қаржылық бұзушылық жасады деп айып тағып отыр, ресейлік басшылар 5 млрд, ал украиналықтар 400 млн доллар жымқырды, деп айыптауда.
М.Әблязовті Франция билігі 2013 жылы 31-шілде күні ұстаған.