Жарияланды: 440

Францияда 5 мың еуро құндылықтағы алтын шақа соғылды

Париждің Монета сарайы 5 мың еуро номиналымен алтын тиындардың топтамасын соғып шығарды.

2 мың шақадан тұратын коллекциялық тираж антикалық аңыздың белгілі кейіпкері Гераклға арналды. Шақалар 12-28 қараша аралығында сатылымға түсетін болады. Коллекциялық шақалардың нақты құны - 3 мың еуродан сәл астам. Нарықта оны Францияның кез келген банкінде номиналдық құны - 5 мың еуроға сатуға болады. Уақыт өте келе оның коллекциялық құны артатын болады. Мысалға, Францияда 2009 жылы аз данамен шығарылған 200 еуро номиналындағы мерейтойлық шақаны нумизматтар бүгінде 2 мың еуроға ұсынып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін