Францияда Әблязовтің ісі бойынша кезекті сот талқысы 5-желтоқсанға белгіленген - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда Әблязовтің ісі бойынша кезекті сот талқысы 5-желтоқсанға белгіленген

Францияда Әблязовтің ісі бойынша кезекті сот талқысы 5-желтоқсанға белгіленген

 Францияда БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің ісі бойынша кезекті сот талқысы 5-желтоқсанға белгіленген.

  • 27 Қараша 2013
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков айтты.

М.Әблязов 2013 жылы 31-шілде күні ұсталған, оған Украина аумағындағы банкке қатысты қылмыс жасады, деген айып тағылған. Англияның Жоғарғы соты оны алаяқтық жасағандығы үшін кінәлі деп танып, сол банк пайдасына 3 млрд доллардан астам ақша өтеу туралы шешім шығарды.

Франция соты М.Әблязовтың кепілдікпен босату туралы бірнеше рет берген арызын қабылдамады.


М.Әблязовты Ресей, Украина және Қазақстан экстрадициялауға атсалысып отыр.