Атыс салдарынан кем дегенде сегіз адамның зардап шеккені, оның ішінде жеті жасар бала бар екені айтылады. Шабуылдағандар оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz La Provence басылымына сілтеме жасап.
Ал полициядағылар бұл оқиғаны теракт деп қарастырып отырған жоқ. Шабуылға жігіттердің арасындағы өшпенділік болуы мүмкін екені айтылады.