Францияда теракт жасамақ болды деген күдіктіні ұстау барысында бір адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда теракт жасамақ болды деген күдіктіні ұстау барысында бір адам қаза болды

Францияда теракт жасамақ болды деген күдіктіні ұстау барысында бір адам қаза болды

Парижден солтүстікке қарай жерде француз сақшылары теракт  жасамақ болды деген күдікті адамдарды ұстау операциясы барысында бір адам қаза болды,

  • 9 Қаңтар 2015
  • 844
Фото - Caravan.kz


бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлады жұмада британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы.
Екі адам Данмартан-ан-Гоэль қаласында баспа цехында кем дегенде бір адамды кепілдікке алған болатын.
Ол жерге полицияның бес тікұшағы жіберілді, деп хабарлады француздық БАҚ.
Полиция терроризм жасамақ болды деген күдікті адамдар тығылған ғимаратты қоршауға алған.
Олар ағайынды Шериф және Саид Куаши болуы ықтимал, оларға "Шарли эбдо" апталығының редакциясына шабуыл жасады, деген күдік келтірілген болатын.