Францияда тұңғыш ислам университеті салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда тұңғыш ислам университеті салынады

Францияда тұңғыш ислам университеті салынады

Францияда тұңғыш рет ислам жоғарғы оқу орны ашылатын болды. Оның ғимараты Страсбург қаласында тұрғызылады. Аталмыш оқу ордасының барлық жобасын Түркия мемлекеті қаржыландырады.

  • 12 Қазан 2013
  • 311
Фото - Caravan.kz


Muslim.kz сайтының жазуынша, осы уақытқа дейін 15 млн. еуро бөліп қойған екен. Білім ошағында дінге қатысты дәрістер өтеді. Сондай-ақ, имамдар даярлап шығаратын орта мектеп жұмыс істейтін болады.

«Әсіресе, осынау елде туып-өскен, енді буыны бекіп, бұғанасы қатып келе жатқан жас ұрпаққа асыл дініміздің қыр-сыры үйретіледі. Имамдарға арналған мектеп дінтану факультетінің шәкірттерін дайындайды. Аталмыш университет Франция мен бүкіл Еуропада ислами білім беруде үлгі болады», — деді Страсбург қаласы әкімшілігінің кеңесшісі Сабан Кипер. Бір айта кетерлігі, аталмыш жоғарғы оқу орнында дінтану сабақтары аптасына кем дегенде алты сағат оқытылады. Сонымен қатар, мұнда намаз оқитын зал да болады.