Франциядағы террорлық әрекеттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СIМ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франциядағы террорлық әрекеттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СIМ

Франциядағы террорлық әрекеттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СIМ

 Алдын ала мәлiметтер бойынша Франциядағы террактiде жараланғандардың қатарында қазақстандықтар жоқ.

  • 8 Қаңтар 2015
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң баспасөз қызметiнен хабарлады.

Еске салайық, 7 қаңтар күнi таңертең белгiсiз бiреулер Charlie Hebdo журналы орналасқан ғимаратта атыс ұйымдастырды. Қанды қырғын кезiнде 12 адам көз жұмды, оның iшiнде сегiз тiлшi мен бiр полицей бар. БАҚ-тың хабарлауынша, 20-дан астам адам жапа шеккен. Шабуыл жасағандар оқиға орнынан iздерiн суытқан. Франция президентi Франсуа Олланд елде үш күн аза тұту жариялады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына және барша Франция халқына көңiл айту жеделхатын жолдады.