Францияның CNIM компаниясы Әзербайжанда құны 350 млн евро болатын алғашқы қоқыс өңдейтін зауыт салады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияның CNIM компаниясы Әзербайжанда құны 350 млн евро болатын алғашқы қоқыс өңдейтін зауыт салады

Францияның CNIM компаниясы Әзербайжанда құны 350 млн евро болатын алғашқы қоқыс өңдейтін зауыт салады

Баку. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Францияның CNIM компаниясы алдағы желтоқсан айында Әзербайжанда құны 350 млн евро болатын алғашқы қоқыс өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әзербайжанның министрлер кабинетінде өткен жобаның таныстырылымында CNIM компаниясының халықаралық операциялар жөніндегі атқарушы директоры Андре Берте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 1 Тамыз 2008
  • 465
Фото - Caravan.kz

«Зауыт Баку қаласының жанындағы Балаханы ауылында 10 гектар аумақта орналасатын болады. 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, біз мұнда геологиялық зерттеулерді бастамақпыз. Ол 4 айға созылады. Тиісті келісімдерден кейін желтоқсан айында зауыт құрылысы басталады. Ол 3 жыл көлемінде бітуі тиіс. CNIM ол кәсіпорынды 20 жыл басқаратын болады. Ол оны тағы 10 жылға создырта алады. Жоба құны 350 млн евроға бағаланып отыр», — деді А. Берте.

Бұл ретте қайта өңдеудің соңғы өнімі — жылына 125 мың тонна шлам Франциядағы секілді жол құрылысына пайдаланылатын болады, деп толықтырды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті