Жарияланды: 400

Францияның оңтүстік-батысында болған жол апатынан 42 адам қаза тапты

Францияның оңтүстік-батысында болған жол апатынан 42 адам қаза тапты

Францияның оңтүстік-батысындағы Жиронда департаментінің Либурн қаласында жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің қатысуымен болған ірі жол-көлік апаты салдарынан 42 адам қаза тапқан.

Бұған дейін көз жұмағандар саны 39 адам деп хабарланған болатын.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қуатты соқтығысудан кейін екі көлік құралы өртене бастаған.

Жол-көлік оқиғасы орнына 60 өрт сөндіру көлігі келіп жетті. Төтенше оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп жазады шетелдік БАҚ.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін