Ifop институты жүргізген сауалнамаға қатысқан француздардың 42 пайызы осындай пікірде, деп жазады «Журналь дю диманш» басылымы.
Ал, сауалнамаға қатысқандардың 57 пайызы керісінше, Аллаһ елшісін мазақ ететін карикатуралардың алдағы уақытта да жарияланып отырғанын қалайды. Қалған респонденттер бейтарап ұстаным білдіріпті.
Сонымен қатар, сұралғандардың 50 пайызы Францияда интернет желісінде, әсіресе, әлеуметтік желілерде пікір білдіру еркіндігіне бірқатар шектеулер енгізу қажет деген бастаманы қолдайды. Француздардың 49 пайызы бұл идеяға түбегейлі қарсылық білдірді,
Қаңтардың 16-сы мен 17-сінде өткізілген сауалнамаға мыңнан астам адам қатысқан.
