деп хабарлады инвестициялық компанияның бас директоры Тимур Турлов.
"Біз "Газпром", "Сбербанк" және "ВТБ" қағаздарын орналастырғымыз келеді, өйткені олардың инвестициялық рейтингісі бар және олар ресейлік рыноктың ең өтімді қағаздарының бірі болып табылады. Facebook қағаздарын биыл күзде не жазда орналастыруды көздеп отырмыз", деді ол Алматыда сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Биыл жазда "Фридом Финанс" KASE-ге америкалық SPY биржалық қорын шығармақ.
"Фридом Финанс" мамыр айының басында KASE-ге Bank of America Corporation акцияларын орналастыру жөніндегі жобаны бастады. Қазіргі кезде акцияның орташа құны 2,7 мың теңге. Осы уақыт ішінде 5,9 млн теңгеге 2 мыңнан аса акция сатылды.