"Фукусима-1" АЭС-ның резервуарынан топыраққа 300 тоннадай радиоактивті су ағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Фукусима-1" АЭС-ның резервуарынан топыраққа 300 тоннадай радиоактивті су ағып кетті

"Фукусима-1" АЭС-ның оператор- компаниясы ТЕПКО (TEPCO) станцияның 26 резервуарының бірінен топыраққа 300 тоннадай радиоактивті судың ағып кеткендігін анықтады, деп хабарлады сейсенбіде жапондық Эн-эйч-кей каналы.
           Телеканал деректеріне қарағанда, компания қызметкерлері төртінші энергоблок аумағында резервуарлардың бірін қоршауыштың қасынан радиоактивті судың шалшығын тапқан.
           Оператор -компанияның қызметкерлері ағып кеткен судың құрамында радиоактивті заттардың, оның ішінде стронцийдің көп екендігін тіркеді.
           Алдында АЭС-ның оператор –компаниясы ресми түрде "Фукусима-1" АЭС-да балқыған реакторлардың радиактивті заттары шын мәнінде Тынық мұхитқа түседі, деп растаған болатын.
           2011 жылы 11-наурыз күні болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан "Фукусима-1" АЭС үлкен апат болған, ол көлемі жағынан 1986 жылы Чернобыльде болған апаттан кейінгі ең күрделісі.

  • 20 Тамыз 2013
  • 371
Фото - Caravan.kz