Футболдан әлем чемпионатының барлық матчы тікелей эфирден көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан әлем чемпионатының барлық матчы тікелей эфирден көрсетіледі

Футболдан әлем чемпионатының барлық матчы тікелей эфирден көрсетіледі

Тура бір айдан соң Бразилияда ең үлкен футбол додасы басталады. Ал маусымның 12-27 аралығында өтетін әлем чемпионаты елімізде тікелей эфирден көрсетілмек.

  • 13 Мамыр 2014
  • 295
Фото - Caravan.kz

Трансляция құқығына «Қазақстан» «Kazsport» және «Еуразия» арналары ие. Биыл алғаш рет спорт комментаторлары Бразилияға барады. Сөйтіп ойынды сол стадионның ішінде отырып жүргізбек. Комментаторлар футболды іш пыстыратындай емес, қызықты етуге барын салатындарын айтуда. Әр матчқа тәжірбиелі мамандардың қатысуымен сараптама жасалып отырмақ. Көрермендеріне футбол меркесін сыйлағалы отырған үш бірдей республикалық арна көрсетілімге әзірлікті бастап кетті.


Нұржан  Мұхамеджанова, «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы:

-Негізі әлемдік спорт жарыстары өте қымбат тұрады. Оңай дүние емес. Соңғы кездері спорттық іс шараларды транциялау мәселесінде авторлық сақтау мәселесінде үлкен бір  делдалдар ортада жүреді. Солардың құлағына тимесі үшін шыны керек қаражат мәселесін құпияда сақтауды жөн көреміз.