Матчтың 29-шы минутында сербиялық легионер Любомир Фейса Родригоға тамаша пас шығарған. Қақпашымен бірге-бір шыққан “Бенфика” шабуылшысы өз мүмкіндігін құр жіберген жоқ. Екінші таймның басында бұрыштама добына бірінші жеткен Луизао есепті еселей түсті. Намысқа тырысқан “Тоттенхэм” футболшылары 64-ші минутта Кристиан Эриксеннің голымен жауап қайтарған. Бірақ бұл матчта қонақтарды тоқтату мүмкін болмады. Кездесудің соңына қарай бразилиялық қорғаушы Луизао дуль авторы атанды. Қақпа алдында ашық қалған ол қортынды есепті орнатты. Енді қарымта матч наурыздың 20-да Португалияда өтеді.
Сочи олимпиадасынан кейін кішігірім үзіліс алған шағышылар жарыс жолына қайта оралды. Бүгін Швецияның Фалун тау-шаңғы спорт базасында Әлем кубогының соңғы кезеңі жалауын көтереді.
Классикалық әдіспен спринттік қашықтыққа жүгіретін ерлер додасында Қазақстан құрамасының лидері Алексей Полторанин өнер көрсетеді. Бүгінгі спринтке қатысатын үміткерлердің ұзын-саны 49. Біздің жерлесіміз жарыс жолына бесінші болып аттанады. Фалундағы спринттік бәсекеге Қазақстаннан жалғыз Алексей Полторанин ғана қатысатынын айта кетейік.
Анна Феннингер тау шаңғы спортынан әлем кубогының жалпы есебінде бірінші орында. Австриялық спортшы швейцарияның Ленцерхайд қаласында өткен соңғы кезеңде екінші нәтиже көрсеткен болатын.
24 жастағы тау шыңғышының басты қарсыласы неміс қызы Мария Хефль-Риш жарақатына байланысты Линцерхайдтағы кезеңге қатыса алмаған. Ал Феннингер үшін биылғы маусым өте сәтті болды. Ол әлем кубогының үш кезеңін жеңіп алған. Сондай-ақ Олимпиада ойындарында Супер Джида алтын, ал үлкен слаломда күміс медаль олжалаған. Линцерхайдтағы Супер-джида швейцария өкілі Лара Гутқа тең келер ешкім болмады.