Халықаралық спорттық мерекенің шымылдығын сноуборд, фристайл және мәнерлеп сырғанау өнерінің өкілдері ашып берді. Олардың арасында қазақстандық фристайл спортының шеберлері Юлия Гладышева мен Дарья Рыбалова болды. Жерлестеріміз фристайлдың могул жаттығуы бойынша сынға түсті. Жарыс дистанциясын 21,17 секундта еңсерген Юлия Галышева, алғашқы іріктеудің нәтижесі бойынша алтыншы, ал Дарья Рыбалова 23 орыннан табылды. Ережеге сәйкес алғашқы ондыққа ілінген Юлия, бірінші әрекеттен ақтық сынға жолдама алды. Ал Дарья Рыбалованы бүгін екінші іріктеу додасы күтеді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды. Енді біздің футболшыларды ресейлік маман Юрий Кроснажан жаттықтыратын болды.
Бүгін Астанада өткен арнайы баспасөз маслихатында 50 жастағы бапкер көпшілікке таныстырылды. Юрий Красножан Нальчиктің “Спартак” командасын жоғарғы лигаға шығарған. Сондай-ақ Мәскеудің “Локоматив”, Махачкаланың “Анжи” және Красноярсктың “Кубань” клубтарын жаттықтырған. Қазақстан құрамасымен екі жылдық келісімге қол қойған ол жақын уақытта өз ісіне кіріспек.
Юрий Красножан- Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
-Бапкер болу деген үлкен жауапкершілік. Бізде алда үлкен жұмыстар күтіп тұр.
Алматыдағы Қазақтың спорт және туризм академиясында ауыр атлетика залы ашылды. Зілтеміршілеріміздің соңғы жылдардағы ерен табыстары назардан тыс қалған жоқ.
Бүгінде Академия студенттері өз білімдерін заманауи жаттығу залында шыңдайтын болады. Салтанатты шараға академияның түлегі, бокстан Сидней олимпиядасының чемпионы Ермахан Ибраимов пен Олимпияданың екі дүркін чемпионы және академияның доктаранты Илья Илин қатысты. Қазірде ауыр атлетика залы студенттердің шынығуына таптырмас жер болып табылады.