Г.Әбдіқалықова АҚШ Елшісін қабылдады (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г.Әбдіқалықова АҚШ Елшісін қабылдады (ФОТО)

Г.Әбдіқалықова АҚШ Елшісін қабылдады (ФОТО)

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы АҚШ-тың жаңадан тағайындалған

  • 23 Маусым 2015
  • 407
Фото - Caravan.kz

Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Альберт Кролмен кездесті.

Жүздесу барысында Мемлекеттік хатшы АҚШ Елшісін тағайындалуымен құттықтап, жаңа лауазымы екі ел арасындағы жан-жақты әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік туғызатынына сенім білдірді. Сонымен қатар Г.Әбдіқалықова Елбасы бастамасымен Қазақстанда 5 институттық реформаны жүргізу, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру жұмыстарының басталғанын атап өтті. Қолға алынған іс-шаралар еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуды және экономикамыздың орнықты өсуін қамтамасыз ететін болады.

«Біз Америка Құрама Штаттарымен өзара қарым-қатынасымызды өте жоғары бағалаймыз. Қазіргі уақытта американдық тараптан Қазақстан экономикасына 21 млрд. доллардан астам инвестиция салынып отыр. Американдық компаниялар өкілдерінің қатысумен  480-нен астам кәсіпорын жұмыс істеуде. Меніңше, «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты экономика, сауда, өзара қарым-қатынас салаларындағы байланыстар одан ары күшейе түсетін болады», — деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде бүгінде АҚШ-тың жоғары оқу орындарында 1800-ден астам қазақстандық жастың «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып жатқанын атап өтті.


Тараптар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылы АҚШ-қа жасаған сапары барысында қол қойылған ҚР-АҚШ ғылыми техникалық ынтымақтастығы туралы келісімнің негізінде білім және ғылым саласындағы байланысты нығайтуға мүдделілік танытты. Кездесу соңында Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың стратегиялық серіктестік рухына толық сай келетіндігі аталып өтілді. 

32

4