Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты

Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты

Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты

  • 11 Сәуiр 2019
  • 702
Фото - Caravan.kz

Осы уақытқа дейін 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты, деп хабарлайды Stan.kz

Бүгін, 11 сәуір күні, Алматы қаласында өткен апелляциялық сотта судья әншіні ақтау туралы шешім шығарды. 

"Гауһар Әлімбекованың айыбы дәлелденген жоқ. Оны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім өзгертілсін. Ақталсын", — деді сот төрағасы Нұрғазы Әбдіханов. 

Аталған қылмыстық істің тағы бір фигуранты Феруза Ордабаеваны сот 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Рақымшылық заңына байланысты оның бұл жазасының мерзімі екі есе қысқарды. Осы уақытқа дейін басты фигурант Феруза Ордабаева өзі кінәсін толықтай мойындаған-ды. Сондай-ақ, ол Әлімбекованың бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін айтты. Ал Гауһар Әлімбекова өз кезегінде өзіне жала жабылып отырғанын мәлімдеді. 

Адвокат Абзал Құспан да сот шешімінің 100 пайыз әділ екенін айтты. Сондай-ақ, бұл істің артында шын мәнінде кімдер тұрғанына тоқталды.

"Мен отбасылық жағдайға байланысты үйде қайғыдан басымды көтере алмай жатқан кезімде айқай шығарып, мені орнымнан қозғап жіберген Сәуле Әбілдаханқызы болатын. Сол кісі жіберген құжаттарды көргеннен кейін, Гауһардың кінәсіз екеніне 100% көзім жетті. Амалсыз атқа қонуға тура келді. Бұл жерде жалғыз мен емес, Байжанов, Зейнелов бар. Бірақ айтқым келгені, ең алғаш осы мәселені көтерген, дабыл қаққан, әділетсіздіке жаны төзіп тұра алмайтын адам — Сәуле Әбілдаханқызы. 

Сот 100% әділетті өтті. Алмалы аудандық сотының шешімі әділетсіз болғанын айтудан таңбай келе жатырмыз. Үш жылдан бері Гауһар жауабын өзгерткен емес. Бір тиын ақша алмағанын, таныстырудан басқа ешқандай әрекеті болмағанын айтып жатыр. Жәбірленуші тарапқа жақсы жолды нұсқадық. Негізгі тарап — "Айт Хаузинг комплекс" ЖШС, ақша түріктерде кетті. Жәбірленуші тарап бірігіп, соған қарсы мәселе көтеру керек еді. Олар елдің алдында жүрген адам, не болса да осы кісіде ақша бар деп, Гауһардың жағасына жармаса кетті", — деді ол. 


Естеріңізге сала кетсек, танымал қазақстандық әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық жасады деп айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Әнші сот шешімі күшіне енгенге дейін қолхатпен босатылды. Кейін оның адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін, апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар