Гауһар Әлімбековаға жиналған қаражат қайда кетті? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гауһар Әлімбековаға жиналған қаражат қайда кетті?

Гауһар Әлімбековаға жиналған қаражат қайда кетті?

Танымал әнші Гауһар Әлімбекованың басына іс түскенде жанашыр әріптестері оны түрмеден шығарып алу үшін қомақты қаражат жинаған болатын.

  • 11 Сәуiр 2019
  • 62
Фото - Caravan.kz

Сол 7 миллион теңге бүгінде қайда тұр немесе қайда жұмсалды деген сұрақты көпшілікті мазалап жүрген еді.

Бұл сұраққа әнші Ақбота Керімбекова жауап берді деп хабарлайды Oinet.kz.

Ол өзінің Instagram  парақшасында халыққа видео үндеу жолдады.  

"Құрметті қазақ елі, көптен бергі сұрақтарыңызға жауап ретінде салып отырмын. Мен де сіздер сияқты Гаухар мен Бақыт әпкерлердің арасындағы жағдайдың ақ- қарасын білмеймін. Түрмеге түсті дегенде шығарып алайық деп ақша жинадық. Енді Гаухар бергізбеді, бермейсіңдер деп отыр. Біздің ниетіміз бәрі жақсы болсын деген тілек. Ары қарай сот өкімі шешеді. Артық сөз шаршатты шын…Не болса да, дұғада болайық өтініш",- деді әнші. 

Видеода Гауһар Әлімбекова да ойын жеткізді. "Халықтың жиналған ақшасы сол жайында тұр. Оған ешкім ешбір тиынына тиіскен жоқ. Ол ақша Ерғали Ақботалар жинады. Соларда тұр. Олар да ешқандай ақша алған жоқ. Біз де алған жоқпыз және кімге де берер ойымыз жоқ. Біздің позициямыз сол. Сондықтан, артық әңгімелердің керегі жоқ деп ойлаймын" , — деді Әлімбекова.


Соңғы жаңалықтар