Генадий Головкин тағы да үздік шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Генадий Головкин тағы да үздік шықты

Генадий Головкин тағы да үздік шықты

Футзалдан УЕФА кубогының жеңімпазы “Қайрат” Алматыда өтіп жатқан элиталық раундттың алғашқы матчын сәтті бастады. Бірінші турда беларусьтың “Витэн” командасымен кездескен Какау шәкірттері қарсыластарын 9:0 есебімен ойсыратты.

  • 23 Қараша 2013
  • 284
Фото - Caravan.kz

Ойын тізгінін толығымен бақылауда ұстаған алматылықтар алғашқы таймда 3 гол соқты. Гол авторлары Бетао, Фумаса және Лео. Үзілістен кейін қонақтар қақпасына тағы алты доп соққан “Қайрат” бұл квартетте айқын фаворит.    

 

Бокстан Қазақстанның 2013 жылғы үздік боксшыларын Атырау шаршыалаңы  анықтап береді. Бүгін мұнайлы аймақтың орталығында еліміздің кезекті чемпионаты басталды.

Алматыда  аяқталған әлем чемпионатының   жүлдегерлері Атыраудағы додаға қатыспайды. Ұлттық құраманың жаттықтырушылар кеңесі осылай шешіпті. Бұдан жарыс қызығы артпаса, кем түспейтіні сөзсіз. Өйткені бас команда есігі талантты жастар  үшін қашанда ашық. Оның үстіне  чемпионат қорытындысы бойынша ұлттық құраманың негізі жасақталатын болады. Былтыр  командалық есепте  астаналық боксшылар топ жарса, екінші және үшінші орындарды Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстары бөліскен еді. Ұзын-саны 200 ге жуық үміткерлер бас қосқан  ел біріншілігінің ақтық бәсекелері 28-ші қарашада өтеді. 

 


Генадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы версиясының қазан айындағы үздік боксшысы деп танылды. Шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізген жерлесіміз,  әлі күнге жеңілістің ащы дәмін татпаған. 31 жастағы талантты боксшының тағы бір керемет көрсеткіші,  25 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған.

Қараша айында америкалық Кертис Стивенсті айқын ұтқан қарағандылық боксшы өзінің чемпиондық атағын абыроймен қорғады. Өзінің кезекті жекпе-жегін Генадий Головкин келер жылдың 1-ақпанында өткізеді. Әзірге онымен шаршы алаңда жұдырықтасатын боксшының  есімі белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, жерлесіміз  бұған дейін де  осы қауымдастықтың   үздігі болып танылған.