Генерал Жоламанов 14 жылға сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Генерал Жоламанов 14 жылға сотталуы мүмкін

Генерал Жоламанов 14 жылға сотталуы мүмкін

Нұрлан Жоламанов 14 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін мемлекеттік айыптаушылар Шекара қызметінің бұрынғы басшысына осындай жаза кесуді сұрады.

  • 27 Ақпан 2015
  • 435
Фото - Caravan.kz

Прокурор генералды мемлекеттік наградалары мен әскери шенінен де айырып, бар мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтесін деп отыр. Ал, Жоламановтың сыбайласы, яғни екінші айыпталушы – №2458 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Қайрат Балмағамбетовті тергеу кезінде белсенділік танытып, істі тез ашуға көмектескені үшін жазадан босату қажет дейді. Балмағамбетов тағылған бар кінәні бірден мойныдағанын айта кетейік. Ал, Шекара қызметінің экс-директоры болса, өзіне шаң жуытқан емес. Жоламанов пен Балмағамбетов «қызметін асыра пайдаланды, қылмыстық топ құрып, ірі көлемде пара алды» деп айыпталуда. Бүгін прокурор генералдың  қылмысты қалай және қай жерде жасағанын екі жарым сағат оқып, жіпке тізгендей айтып берді.

Кемел Шаяхметов, прокурор:

-Кез-келген қоғамда погон таққан, мемлекеттік органның өкілі саналатын лауазымды қызметкердің қара басының қамы үшін қылмысқа барғаны аса қауіпті. Ең өкініштісі мұндай адамдардан мемлекетке келетін шығын да бірнеше есеге көп болады.