Генерал Жоламанов сотта талып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Генерал Жоламанов сотта талып қалды

Генерал Жоламанов сотта талып қалды

Нұрлан Жоламанов  есінен танып, құлап қалды. Атышулы процес кезінде куәгерлердің өзін әшкерелеген сөзін көтере алмаса керек, сот отырысынан кейін генералдың денсаулығы сыр беріп, жедел жәрдем шақыртылған.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 313
Фото - Caravan.kz

Жоламановтың дәл әжетханада қан қысымы көтеріліп, талып қалған. Құлап бара жатқан генералды қарауыл күзетінің бастығы демеп үлгеріпті. Жедел жеткен дәрігерлер сол мезетте Жоламановтың қан қысымы 160 та 90, ал тамырының соғысы 88 болғанын айтады. Негізі 59 жастағы адам үшін бұл қалыпты көрсеткіш көрінеді. Десек те, генералдың денсаулығына байланысты бүгінгі сот процесі кейінге қалдырылды. Шекара қызметінің бұрынғы директорына ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, кәсіпкерлерге тендерді ұтып беру үшін 252 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр.