Бар болғаны 5 минут сөйлеген Нұрлан Жоламанов өзіне тағылған айыпты «саяси тапсырыс» және «жала» деді. «Арым таза» деген ол, президенттің тапсырмасын бұлжытпай орындап, шекараның күзетін күшейткенін мақтанышпен айтты. Дұшпандарым қанша қараласа да халқым мен отаныма аянбай қызмет еткен әскери ретінде қала беремін деп түйіндеді сөзін. Ал шатылып жатқан екінші айыпталушы Алматыдағы №2458 бөлімінің командирі Қайрат Балмағамбетов болса, генералдан қысым көріп оған миллиондарды сөмкелеп тасығанын жасырған жоқ. Бұл әрекеті үшін кешірім сұраған ол тіпті зот залында жылап жіберді. Енді бастығының былығын әшкерелеп тергеуге көмектескені үшін командирдің жазадан құтылуы әбден мүмкін. Ал «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», «аса ірі көлемде пара алды» деп айыпталған Шекара қызметінің экс-директорын прокурор 14 жылға соттауды сұрап отыр. Бірақ, бұнымен генералдың туыстары келіскен жоқ.
Бекбай Жоламанов, Н.Жоламановтың ағасы:
-Нақты айғақтары жоқ. Пара алды дейді. Мұны дәлелдейтін таспасы да жоқ. Әрі ақша алып жатқанда ұсталмаған. Біз Ресейдің қазақтарымыз. Сондықтан, бұл елдің соты әділ үкім шығарады деп ойлаймын. Ақталып шығады деген сенімдемін.