Германия азаматы Қазақстаннан саяси баспана мен азаматтық беруді сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия азаматы Қазақстаннан саяси баспана мен азаматтық беруді сұрап отыр

Германия азаматы Қазақстаннан саяси баспана мен азаматтық беруді сұрап отыр

Қостанай облысында Қазақстанға кіру тәртібін бұзған Германия азаматы саяси баспана сұрады.

  • 6 Наурыз 2014
  • 349
Фото - Caravan.kz

Іс материалдарына сүйенсек, шетел азаматы уақытша тіркеу туралы құжатының мерзімін ұзартпай, белгіленген уақытта, яғни 2011 жылдың 8-қарашасында Қазақстан аумағынан шығып кетуден бас тартқан. Бұл туралы бейсенбі күні облыстық әкімшілік соттың баспасөз хатшысы Жауқазын Мұхтар мәлім етті.

«Отырыс барысында ол айбыны мойындамайтынын және бір кезде отбасымен бірге Германияға көшіп кеткенін, бір кезде Қазақстан азаматы болғанын айтқан. Қазір Қазақстаннан саяси баспана мен азаматтық беруді сұрап өтініш жазған», — деді Ж.Мұхтар.

Өзінің айтуынша, ол «бірдеңеден қорқатынын» және сол үшін Германияға қайтқысы келмейтін көрінеді.


Отбасы сол жақта тұрады. Бірақ, оның бұл әрекетіне нақты қандай жағдай себеп болғаны белгісіз.

Қазір Германия азаматы Қостанайда ата-анасымен бірге тұрып жатыр.