Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі

Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі

 

  • 14 Желтоқсан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Германияда коронавирус өршуіне байланысты 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, азық-түлік дүкендерін қоспағанда, бүкіл ел бойынша бөлшек сауда дүкендері жабылады, мектептерде күндізгі оқу тоқтатылады, балабақшалар жабылады. Локдаунның кем дегенде 10 қаңтарға дейін созылатыны айтылады.

Шектеу шараларын Германия канцлері Ангела Меркель мен Германияның 16 федералды жерінің премьер-министрлері 13 желтоқсан, жексенбіде бейнеконференция арқылы мақұлдаған.

"Азық-түлік дүкендерінен басқа, дәріханалар, тұрмыстық химия және галантереялық дүкендер, жанармай құю станциялары, банктер, жинақ кассалары және пошта бөлімшелері жұмыс істей береді. Жаңа жылда (31 желтоқсан және 1 қаңтар) бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады, тұрғындарға отшашудан бас тарту ұсынылады", — деп жазады басылым.


Соңғы жаңалықтар