Германияда ірі алтын қазына табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда ірі алтын қазына табылды

Германияда ірі алтын қазына табылды

Баварияның Пассау қаласында жеке учаскеде қабырғаны бұзуда жұмысшылар миллион еуроға жуық сомаға бағаланатын ірі алтын қазына тапты.

  • 29 Маусым 2015
  • 290
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Утро.ру немістің Passauer Neue Presse газетіне сілтеме жасап хабарлады.

«Шейцария банкі» деген жазуы бар алтын құймалардың алғашқы бөлігі 24 маусымда табылған болатын, тағы бір бөлігі жұмыстарды жалғастыру үстінде 26 маусымда кезіккен. Қазынаның тағы бір бөлігі жер астында жатуы мүмкін.

Енді табылған алтынның иесі кім екенін анықтау керек. Қалалық өкімет орындары өкілінің айтуынша, құқықтық жағынан алып қарағанда, табылған зат  қалалық олжалар бюросына берілуі тиіс. Дегенмен, полиция мәліметтеріне қарағанда, қазіргі кезде алтын учаске иесінің сейфінде сақтаулы тұр.