Paritätische Gesamtverband ұйымының зерттеу деректеріне сәйкес Германияда 40 пайыздан астам жалғыз басты ата-аналар мен 60 пайыз жұмыссыздар кедейшілік шегінен төмен деңгейде күн көруде. Егде адамдар мен зейнеткерлердің 15 пайызы кедей.
Деректерді жасау кезінде зерттеушілер Еуропалық одақта қабылданған кедейшілік айқындамасына сүйенген. Айқындама бойынша елде халықтың 60 пайызы табыстың орташа мөлшерінен кем жағдайда өмір сүрсе, кедей деп саналады.