Жарияланды: 520

Ғалымдар әлемде сүтті ең көп ішетін елді анықтады

Ғалымдар әлемде сүтті ең көп ішетін елді анықтады

Швеция, Дания және Скандинавияның басқа да елдері Жер жүзінде ең көп сүт тұтынады, яғни күніне 1,6 стақан сүт ішеді,

ал Кариб бассейні елдері газдалған сусын мен басқа да зиянды тәтті сусындарды көбірек әуес, дейді Жердің әр түпкіріндегі елдердің  сусындарды тұтынуы бойынша есепті дайындаған ғалымдар.

 Бостондағы (АҚШ)  Тафтса университетінің ғалымы Дариуш Мозафаррян мен оның әріптестері PLoS One журналына жарияланған есепті дайындады. Олар мұнда әлемнің 187 елінің алкогольсіз сусындарды тұтынуы  бойынша деректер келтірген. Ғалымдар ғаламшар өңірлерінің әрқайсысы  түрлі сусынның  біріне қатаң географиялық бейімделгенін анықтады. 

Мысалы, Швеция, Финляндия, Скандинавияның басқа елдері мен Исландия тұрғындары күніне 1,3-1,6 стақан сүт ішетін болған. Бұл ғаламшардағы орташа тәуліктік нормадан екі есеге жоғары. Ал тропикалық және кедей елдерде сүтті едәуір аз пайдаланады, деп хабарлайды РИА Новости.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін