Ғалымдар Ақмола облысы тұрғындарының арасында энцефалопатияның дендеу себебін түсіндіре алмауда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар Ақмола облысы тұрғындарының арасында энцефалопатияның дендеу себебін түсіндіре алмауда

Ғалымдар Ақмола облысы тұрғындарының арасында энцефалопатияның дендеу себебін түсіндіре алмауда

Ақмола облысы Есіл ауданының ауруханасынан энцефалопатиямен ауырған Қалаши ауылының тұрғындары үйлеріне шықты.

  • 29 Қаңтар 2014
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Есенбай Ақәділов мәлімдегендей, науқастар дәрігерлердің бақылауында болады, жаңадан сырқаттанғандар жоқ.

Е.Ақәділовтың айтуынша, Қалаши ауылына Қарағандының прорпатология жөніндегі орталығынан екі өкіл келген. Олар жерлерді тексерген, алайда иесіз жатқан ураны шахталарына қалың қар салдарынан жете алмаған, олар тек тұрғындармен сөйлесумен шектелді.

«Әзірге ешқандай қорытындыға келмедік. Ғалымдар шахталарға мониторинг жүргізіп, радиацияны тексеруге кеңес берді. Зертхана алдырып, жағдайды терең зерттеу қажет, қызмет ақылы болғандықтан мұнымен облыс әкімдігі айналысуы қажет», — дейді ол.

Былтыр желтоқсан айында энцефалопатия белгілерімен Қалаши ауылының он екі тұрғыны ауруханаға түскен болатын. Қаңтардың ортасында ауруханаға осындай белгілерімен тағы алты ауыл тұрғыны жеткізілді.


Науқастардың барлығында тәлтіректеу, ұйқы басу, есін жоғалту, әлсіздік байқалған.