Ғалымдар: Азияның 830 млн. тұрғыны 11 ер адамнан тараған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: Азияның 830 млн. тұрғыны 11 ер адамнан тараған

Ғалымдар: Азияның 830 млн. тұрғыны 11 ер адамнан тараған

 Генетиктер Азия халқының едәуір бөлігін көшпелі халық көшбасшыларының ұрпақтары құрайды деп санайды.

  • 5 Ақпан 2015
  • 380
Фото - Caravan.kz

Франция мен Ұлыбритания ғалымдар тобы Азияның 127 өңірінен (Батыс Түркиядан Эвенкияға дейін, Қазақстаннан Вьетнамға дейін) 5321 ер адамның Y-хромосомасын зерттеген. Алынған деректерді талдап, олар зерттелгендердің 37,5 пайызы 11 ер адамның ұрпағы екенін анықтаған.

Егер бұл өлшемді Азия халқының қазіргі барлық тұрғындарына шақса, ғаламшардың бұл бөлігінде 11 бабаның 830 млн-ға жуық ұрпағы өмір сүріп жатқан болып саналады, деп жазады rosbalt.ru.