Ғалымдар: ірімшік пен еттің зияны никотинмен бірдей - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: ірімшік пен еттің зияны никотинмен бірдей

Ғалымдар: ірімшік пен еттің зияны никотинмен бірдей

Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары орта жастағы адамдарға ірімшік пен етті көп жеу темекі шеккенмен бірдей зиянды екенін анықтады. Аталған тағамдарды көп мөлшерде жеу 50 жастағы адамдардың обыр дертіне шалдығуын төрт есеге көбейтеді.

  • 11 Наурыз 2014
  • 459
Фото - Caravan.kz

The Daily Mail басылымы хабарлағандай, 18 жылдың ішінде ғалымдар 6400 адамға бақылау жүргізен. Нәтижесінде мамандар ірімшік пен ет жасушаларды тез қартайтып, қатерлі ісік тудыртатын гормонның белсенділігін арттырады деген қорытындыға келді.

Осы орайда, дәрігерлер орта жастан асқан адамдарға жануарлар етін балықтың етіне ауыстырып, сондай-ақ  өсімдік ақуызын, яғни бұршақ тұқымдас өсімдіктер мен жасымықты көптеп пайдалануға кеңес береді, деп жазады Росбалт.