Ғалымдар: Макарон нәзік жандылардың жүрегіне зиян - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: Макарон нәзік жандылардың жүрегіне зиян

Ғалымдар: Макарон нәзік жандылардың жүрегіне зиян

 Милан ғалымдары макарон өнімдерін пайдалану нәзік жандыларда жүрек-қан тамыр ауруларының даму қаупін ұлғайтатынын анықтады.   Тәжірибе аясында мамандар 47 мың ер мен әйелдің диеталарының ерекшелігін салыстырып көрді. Зерттеушілерде олардың медициналық карталарындағы ақпарат та болған.  

  • 17 Ақпан 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz

Нәтижесінде макарон өнімдерін пайдаланатын әйелдер, осындай тағамды пайдаланған ерлерге қарағанда жүрек дерттерінен екі есе көп зардап шеккен.

Мамандардың пайымынша, макарон өнімдері ағзада қорытылып үлгермейді. Сөйтіп, қандағы қант көлемінің артуына әкеледі, деп жазады шетелдік БАҚ.

Әйел ағзасында эстрогеннің әрекетімен қандағы глюкоза деңгейінің көтерілуі процесі белсенді болады. Сондықтан макарон өнімдерін көп пайдалану нәзік жандылардың денсаулығына зиян.