Терезенің алдында тұратын бөлме өсімдіктері біз ойлағаннан анағұрлым «ақылдырақ» екен.
Неміс ғалымдары бөріқарақат өсімдігі алдағы уақытта болатын жайтты болжайтын сана құрылымы бар екенін айтады. Бақылау кезінде мамандар ол өсімдіктің өзінде сау тұқымдарымен бірге ауру тұқымдары бар екендігін біледі және сол ауру тұқымдардын тезірек құтылуға тырысатындығын анықтаған.
Сонымен қатар ғалымдардың пайымынша, өсімдіктер бір-бірімен «сөйлесіп», болашақта болатын қауіп-қатерлерді «ескертіп» отыратын көрінеді. Ал басқа өсімдіктер бұндай ескертуді алысымен-ақ өздерінің қорғану мехнизмдерін күшейтеді, деп жазады kp.ru.