Ғалымдар құмырсқалардың тазалығына тәнті болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар құмырсқалардың тазалығына тәнті болды

Ғалымдар құмырсқалардың тазалығына тәнті болды

Құмырсқалардың бір тәртпке бағынып, илеуін тазалықта ұстайтыны бұған дейін де белгілі.

  • 21 Ақпан 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz


Алайда, ғалымдардың соңғы зерттеулерінде олардың илеуінде дәретхана арналған орын да бар екенін анықтады, деп жазады «Вести.Ру». 

Доктор Томер Цацкес пен Регенбург университетінің ғалымдары құмырсқалардың тіршілігін зерттеп, олардың илеуінің ішкі құрылысына бақылау орнатады. Ғалымдар ғылыми жұмыс барысында құмырсқалардың «дәретхана» бөлмесіне баратынын анықтап, тәнті болады.
Жәндіктердің қажеттілік үшін белгілі бір орынға баратынына көз жеткізе түсу үшін ғалымдар арнайы тәжірибе жүргізді. Зертханада ақ гипстен илеу жасап, құмырсқаларды қадағалайды. Оларға көк немесе қызыл түспен боялған қорек береді. Екі айдан соң зерттеушілер әр ұядағы бір немесе екі бұрыштың «қажеттілік» бөлмесіне арналғанын біледі.