Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты

Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты

Ғалымдардың пікірінше, ол қатерлі ісік түрлерімен, сондай-ақ, түрлі бактериялық инфекциялармен күресуге көмектеседі.

  • 23 Қыркүйек 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейлік ғалымдар әмбебап антибиотик ойлап тапты.

Түмен мемлекеттік университетінің ғалымдары Ресейдің басқа ғылыми-зерттеу институттарындағы әріптестерімен бірлесіп, әлемдегі алғашқы әмбебап табиғи антибиотик тапты, ол қоздырғыштардың дәріге төзімділігін жеңе алады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл зат бактериялардың әсерінен адамдар мен жануарлардың бойында болатын инфекциялық аурулармен тиімді күресуге көмектеседі. Ғалымдар зерттеу жұмысын Applied Biochemistry and Microbiology журналында жариялады.

Мақала авторларының атап өтуінше, фармакологияның басты міндеттерінің бірі — нарықтағы қолжетімді антибиотиктерге көп рет (MDR) немесе абсолютті түрде (XDR) төзімді келетін микроағзалармен күресе алатын табиғи антибиотиктерді іздеу табу.

Түмен зерттеушілері А эмерициллипсин пептидінің бірегей "қабілетін" ашып көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, бұл зат бактериялардың биоқабат түзу қабілетін тежейді, соның әсерінен бұл ауру қоздырғыштардың антибиотиктерге төзімділігі жойылады.


Бұл заттың басты ерекшелігі – инфекцияға әсер ету әмбебаптығы, деп түсіндірді мақала авторлары.

Ғалымдар А эмерициллипсині ісіктер, сондай-ақ бактериялық және саңырауқұлақ инфекцияларының көп түрімен күресуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Терапия егу немесе зақымданған тіндерді тікелей емдеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар