Ғалымдар жағымсыз естеліктерді «өшіруді» үйренді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар жағымсыз естеліктерді «өшіруді» үйренді

Ғалымдар жағымсыз естеліктерді «өшіруді» үйренді

Кез келген адам өз өмірінде болған қолайсыз  оқиғаларды еске түсірмеуге тырысатыны белгілі.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 470
Фото - Caravan.kz


Америкалық ғалымдар көп жылдар бойы зерттеу жүргізіп, қазіргі заманда бұндай операцияны жасауға болады деген ұйғарымға келді. Ғалымдар адамның жадында  өміріндегі барлық жайттардың сақталмайтынын, тек ақпараттың біршама бөліктері ғана  есте қалатынын айтады. Мамандардың пікірінше, жағымсыз естеліктерді «өшірмес»  бұрын оны көз алдына елестету қажет. Содан кейін ондағы жағымсыз бейнелерді өшіруге немесе өзгертуге болады.

Зерттеу жүргізу кезінде мамандар тәжірибеде жүрген адамға панданы көрсетеді. Екі күн өткен соң ғалым тәжірибедегі адамнан қандай жануар көргенін сұрайды. Ол «панда» деп жауап береді, сол кезде ғалым ол адамға көрген жануары панда емес, қоңыр аю екендігін айтады. Екі күн өткен соң маман осы сұрағын тағы қайталап сұрайды.  Тәжірибедегі адам бұл жолы қоңыр аю көргендігін айтады.  Зерттеу қорытындысында ғалымдар осындай әдіспен адам жадындағы көрген оқиғаны «өзгеріске» ұшыратуға болады деген тұжырымға келді. Сондай-ақ адамның жадын электрошок арқылы да «өшіруге болады».  Алкоголь де адамның есте сақтау қабілетіне әсер етеді, деп жазады шетелдік БАҚ.