Жарияланды: 60

Ғалымдар жер бетінде қашан хаос орнайтынын айтты

Ғалымдар жер бетінде қашан хаос орнайтынын айтты

Канаданың Макгилла университетінің ғалымдары мұздардың еруі Жер климаты үшін жағымсыз жағдайларға, соның ішінде, жер шары бойынша ауа температурасы мен ауа райының күрт құбылуына алып келетінін анықтады.

Зерттеушілер Арктика мен Антарктида мұздықтары көлемінің қарқынды қысқаруын қарастыратын ағымдағы жағдайға сәйкес, климаттың өзгеруін болжап отыр. Сондай-ақ, бұл 2100 жылға қарай мұхиттар мен ауа температурасы және айналымы процесіне де ықпал етеді деп болжануда. 

Зерттеуге сәйкес, Жердің орташа температурасы 3-4 градусқа жоғарылап, нәтижесінде Гренландия мен Антарктиданың мұзды бөгетінен келетін көп мөлшердегі ағынды су Әлемдік мұхитқа келіп түседі.
 
Бұл өз кезегінде теңіз ағынының бұзылуына алып келіп, бүкіл ғаламшардағы орташа жылдық температура жіктелуін өзгертеді. 

Сонымен қатар, 2065 және 2075 жылға қарай теңіз деңгейінің жылдам жоғарылуы орын алады. Бірақ, бұл бірқалыпты болмақ. Ал полюстерге жақын жерлерде теңіз деңгейі, керісінше, төмендеуі мүмкін, ал Тынық мұхиты аралдары су астында қалып қояды. Мұздықтардың жаппай еруі ауа температурасына түбегейлі өзгерістер алып келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін