Жезқазған маңына түскен капсулаға құтқарушылар 10 минуттан соң жетті. Жерге оралған ресейлік ғарышкерлер Олег Котов пен Сергей Рязанский және НАСА астронавты Макл Хопкинс. Жалпы 38-ші экпедиция көптеген ғылыми жұмыстармен қатар, түрлі тәжірибелер жасаған. Соның бірі Олег Котов ашық ғарыш кеңістігінде 8 сағат 10 минут қалықтап жүріп рекорд орнатты. Қарағанды әуежайына келген ғарышкерлердің иығына әдеттегідей шапан жабылып, осы жолы қазақтың үкілі домбыралары да сыйға тартылды.